АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Еуропа лигасы бірінші іріктеу сатысының қарымта ойындары өтіп жатыр. Дәл қазір Алматыда пен Босния және Герцоговинаның «Широки Бриег» командасы арасындағы кездесудің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге салакетелік, екі команда арасындағы алғашқы кездесуде сырт алаңда «Қайрат» 2:1есебімен жеңіске жеткен еді.Сондықтан қонақтар жарысты жалғастыру үшін кем дегенде екі гол айырмасымен допсоғуы тиіс.
«Қайрат» құрамындаалғашқы минуттан Стас Покатилов, Ғафуржан Сүйімбаев, Раде Дугалич, ЕлдосАхметов, Дино Миканович, Исламбек Қуат, Айбол Әбікен, Георгий Жуков, БауыржанИсламхан, Еркебұлан Сейдахмет, Адеринсола Эсеола жасыл алаңнан көрінді. Оларғақарсы «Широки Бриег» құрамында МартинЗломислич, Йосип Квесич, Бернардо Матич, Доминик Ковачич, Дино Чорич, МатеоМарич, Иван Енин, Марио Бабич, Тони Йович, Петар Франьич, Дражен Багарич шықты,
Алғашқы минуттаналаң иелері ойын тізгінін қолға алуға тырысты. Арасында босниялық футболшыларқарсы шабуылға шығып тұрды. Дегенмен бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.