Еуропа лигасы: «Қайрат» жарыстың келесі сатысына шықты
Естеріңізге салакетелік, екі команда арасындағы алғашқы кездесуде сырт алаңда «Қайрат» 2:1есебімен жеңіске жеткен еді .Сондықтан қонақтар жарысты жалғастыру үшін кем дегенде екі гол айырмасымен допсоғуы тиіс болатын.
Айта кетерлігі,«Широки Бриег» бүгінгі күнге дейін екі мәрте қазақстандық клубтармен шеберлікбайқасып үлгерді. Еуропа лигасының 2013/2014 жылғы аламанында екінші іріктеукезеңінде Павлодардың «Ертісінен» сырт алаңда 2:3 есебімен жеңіліп, өз алаңында2:0 есебімен басым түсті. Осылайшажарыстың келесі сатысына шықты. Ал Еуропа лигасының 2017/2018 жылғы аламанындабірінші іріктеу кезеңінде Шымкенттің «Ордабасы» командасын (2:0, 0:0)сүріндірді.
Бүгінгі ойында«Қайрат» басым ойнады. Алғашқы кезеңде ойын тізгінін алматылық футболшыларұстады. Шабуыл шебінде көбірек көрінді. Босниялық ойыншылар арасында қарсышабуылға шықты. Десе де бірінші кезең0:0 есебімен тең аяқталды.
Екінші кезеңніңалғашқы минуттарында «Широки Бриег» шабуыл шебінде көбірек көрінді. Бұлсәттерде алматылық қорғаушылар лайықты төтеп бере білді. Ойынның 90-минутындаалматылық клубтың қақпасына пенальти белгіледі. Оны «Широки Бриег» сапынан ДраженБагарич орындады. Содан кейін «Қайрат»ойыншылары Рамазан Оразов 92, Исламбек Қуат 93-минуттарда гол соқты.Нәтижесінде «Қайрат» жарыстың келесі сатысына шықты.
Енді олар 23 шілдежәне 1 тамызда Израильдің «Хапоэль» (Безр-Шева) және Албанияның «Лачи» жұбыныңжеңімпазымен кездеседі.
Естеріңізге салакетелік, кеше UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде елордалық«Астана» Румынияның ЧФР командасына жол берді. Енді «Астана» UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде Андорраның«Санта-Колома» командасымен 23 шілде және 1 тамыз күндері шеберлікбайқасады.
Ал бүгінҚостанайдың «Тобылы» Люксембургтің «Женесс Эш» клубына тең ойнап, қос ойынныңнәтижесімен жарыс жолынан шығып қалды.
Бүгін Шымкенттің«Ордабасы» клубы сырт алаңда Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасыменкездеседі. Алғашқы ойында «Ордабасы» 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. ОйынНұр-Сұлтан уақытымен 23.00-де басталады. Кездесу Qazsport телеарнасынан тікелейэфирде көрсетіледі.