Естеріңізге сала кетелік, жарыстың алғашқы сатысында «Қайрат» Босния жәнеГерцоговинаның «Широки Бриег» командасын орта жолда қалдырды.
Екі кездесу де 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың келесі сатысына жолдамаалды. Ал «Хапоэль» Албанияның «Лачи» клубын қос ойынның нәтижесімен жеңіп(1:0,1:1) кетті.
«Хапоэль» (Безр-Шева) командасының құрылғанына биыл тұп-тура 70 жыл толады.1949 жылы құрылған клуб алғаш рет өз елінің біріншілігінде чемпиондық атаққа1974/1975 жылғы футбол маусымында қол жеткізді. Бүгінгі күнге дейін бес мәртеалтыннан алқа тағып үлгерді. Соңғы үш жылда чемпиондық атақты ешкімге ұстатпайкеледі. Сондай-ақ, аталмыш команда 1997 жылы футболдан Израиль кубогін төбесінекөтерді.
«Хапоэль» (Безр-Шева) бүгінгі күнге дейін бірнеше мәрте еурокубокойындарында сынға түсіп келеді. Еуропа лигасында екі мәрте топтық кезеңгешықты. Алдымен 2016/2017 жылғы кезеңде Италияның «Интер», Англияның«Саутгемптон» және Чехияның «Спарта» командаларымен бақ сынап, өз тобындаекінші орынға ие болды. Жарыстың 1/16 финалдық сатысында Түркияның«Галатасарай» клубына (1:2, 1:3) жол берді. Еуропа лигасы топтық кезеңіне олар2017/2018 жылғы кезеңде де шықты. Бұл жолы Швейцарияның «Лугано», Румынияның«Стяуа» және Чехияның «Виктория Пльзень» клубтарымен шеберлік байқасқан олартөртінші орын алды. Былтыр алдымен Чемпиондар лигасының алғашқы екі іріктеукезеңінде ойнады. Дегенмен екінші кезеңде қарсыласына жол беріп, Еуропа лигасыүшінші іріктеу кезеңіне жолдама алған еді. Дегенмен бұл жолы да қарсыласына есежіберіп, топтық кезеңге шығудан тыс қалып қойды.
Безр-Шева қаласында 200 мыңға тарта адам тұрады. Команда өз ойындарын «ТотоТернер» стадионында өткізеді. Ол сол елдің мемлекеттік және әскери қайраткеріЯаков Тернердің құрметіне берілген. Стадион 2015 жылы пайдалануға берілген.Онда 16 мыңнан астам жанкүйер ойынды тамашалай алады.
«Хапоэль» (Безр-Шева) және «Қайрат» командалары арасындағы кездесуНұр-Сұлтан уақытымен 23.20-да басталады. Кездесу Qazsport телеарнасынан тікелейэфирде көрсетіледі. Қарымта ойын 1 тамызда Алматы қаласында өткізеді. Бұлжұптың жеңімпазы Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында Швецияның «Норрчёпинг»және Латвияның «Лиепая» командаларының жеңімпазымен ойнайды.