Еуропа лигасы: Қазақстандық клубтардың үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан клубтарының футболдан UEFA Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласындағы UEFA штаб-пәтерінде Еуропа лигасыүшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

«Астана» үшінші іріктеу кезеңіне шыққан жағдайда «Ференцварош»(Венгрия) және «Валлетта» (Мальта)жұбының жеңілген командасымен шеберлік байқасады. Қазір елордалық клуб екіншііріктеу кезеңінде 23 шілде және 1 тамыз күндері Андорраның «Санта-Колома»командасымен кездеседі. Үшінші іріктеу кезеңі 8 және 15 тамыз күндеріөткізіледі.

Сондай-ақ, еліміздің атынан Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде 24шілде мен 1 тамызда Алматының «Қайраты» Израильдің «Хапоэль» (Безр-Шева),Шымкенттің «Ордабасы» клубы Чехияның «Млада-Болеслав» командасымен кездеседі.

Үшінші іріктеу кезеңіне шыққан жағдайда «Қайрат» Швецияның«Норрчепинг», «Ордабасы» Арменияның «Алашкерт» және Румынияның «Стяуа» жұбыныңжеңімпазымен кездеседі.


Соңғы жаңалықтар