Еуропа лигасы: «Манчестер Юнайтед» қатарынан екінші рет жеңіске жетті
Аталған турда Англияның «Манчестер Юнайтед» командасы сырт алаңда Кипрдің «Омония» клубымен шеберлік байқасты. Ойынның бірінші кезеңінде кипрлік клубтан Карим Ансарифард 34-минутта есеп ашып кетті. Оған ағылшындық клубтан Маркус Рашфорд 53, Антони Марсьяль 63-минутта екі голмен қайырды.
Ал Маркус Рашфорд 84-минутта басымдықты арттырса, кипрлік клубтан Николас Панайоту 85-минутта есеп айырмасын қысқартты.
Осылайша «Манчестер Юнайтед» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, E тобында алты ұпаймен екінші орынға көтерілді.
Аталған турдағы барлық ойын нәтижесі төмендегіше:
А тобы: «Цюрих» (Швейцария) - «ПСВ Эйндховен» (Нидерланды) 1:5, «Арсенал» (Англия) - «Бодо-Глимт» (Италия) 3:0
В тобы: «Ренн» (Франция) - «Динамо Киев» (Украина) 2:1, «Фенербахче» (Түркия) - «АЕК Ларнака» (Кипр) 2:0
С тобы: ХИК (Финляндия) - «Лудогорец» (Болгария) 1:1, «Рома» (Италия) - «Реал Бетис» (Испания) 1:2
D тобы: «Мальмё» (Швеция) - «Унион Берлин» (Германия) 1:1, «Спортинг Брага» (Португалия) - «Юнион Сен-Жилуаз» (Бельгия) 3:1
E тобы: «Шериф» (Молдова) - «Реал Сосьедад» (Испания) 0:2, «Омония» (Кипр) - «Манчестер Юнайтед» (Испания) 2:3
F тобы: «Штурм» (Австрия) - «Лацио» (Италия) 0:0, «Мидтьюлланн» (Дания) - «Фейеноорд» (Нидерланды) 2:2
G тобы: «Фрайбург» (Германия) - «Нант» (Франция) 2:0, «Олимпиакос Пирей» (Грекия) - «Карабах» (Әзербайжан) 0:3
H тобы: «Црвена Звезда» (Хорватия) - «Ференцварош» (Венгрия) 4:1, «Монако» (Франция) - «Трабзонспор» (Түркия) 3:1
Енді төртінші тур ойындары 13 қазан күні өткізіледі.
Фото: manutd.com