Еуропа лигасы: «Ордабасы» чех командасымен тең түсіп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы уақытта Чехияда Шымкенттің «Ордабасы» командасы футболдан UEFA Еуропа лигасының екінші іріктеу сатысында жергілікті «Млада-Болеслав» командасымен кездесіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, «Ордабасы» аталмыштурнирдің бірінші іріктеу кезеңінде Грузияның «Торпедо» командасын ортажолда қалдырған болатын. Ал «Млада-Болеслав» бірден екінші іріктеусатысына қатысуға мүмкіндік алған еді.

Аталмыш кездесуде «Ордабасының» бас бапкері КахаберЦхададзе алғашқы минуттан Дмитрий Непогодов, Тимур Досмағамбетов, ПаблоФонтанелло, Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Марат Быстров, Абдулай Диакате, МайМахлангу, Мирзад Механович, Жоао Пауло және Зиги Бадибанга секілді жігіттергесенім артты.

Ал «Млада-Болеслав» құрамында бірінші кезеңде ЯнШеда, Марко Тулио, Даниэл Пудил, Ладислав Токач, Антонин Кржапка, МарекМатейовски, Михал Губинек, Якуб Фулнек, Томаш Ладра, Мурис Мешанович жәнеНиколай Комличенко жасыл алаң төрінен көрінді.

Алаң иелері ойын басталғаннан тізгінді өз қолынаалуға тырысты. Қос қанаттан толассыз шабуылдар ұйымдастырды. Нәтижесінде, біздің қақпа маңында оң және солқанаттан бірнеше бұрыштама добы берілді. Дегенмен, бұл мүмкіндіктерді чех футболшылары өздегеніне пайдалана алған жоқ.

«Ордабасы» командасы қарсы шабуылдарға шығудыұмытқан жоқ. Осындай сәттердің бірінде 21 минутта алаң иелері қақпасы маңында25 метрдей қашықтықтан айып добы белгіленді.Оны «Ордабасы» ойыншысы Мирзад Механович өте шебер орындады. Доп қақпа торындатулап жатты. Бірінші кезеңнің соңына таман чех командасы сапынан НиколайКомличенко таразы басын теңестіріп кетті.

Естеріңізге сала кетелік, Үшінші іріктеу кезеңінешыққан жағдайда «Ордабасы» Арменияның «Алашкерт» және Румынияның «Стяуа»жұбының қай жеңгенімен кездеседі.

Дәл қазір UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеусатысында Алматының «Қайраты» Израильде жергілікті «Хапоэль» (Безр-Шева) командасыменкездесіп жатыр. Әзірге алаң иелері 1:0 есебімен басым түсуде.

Соңғы жаңалықтар