Еуропа лигасы: «Ордабасы» үшін «Млада-Болеслав» оңай қарсылас па
«Ордабасы» аталмыш турнирдің бірінші іріктеу кезеңіндеГрузияның «Торпедо» командасын ортажолда қалдырды.
«Млада-Болеслав» командасы 1902 жылы құрылған. Өткен ғасырдыңтоқсаныншы жылдарына дейін аталмыш клуб жоғары жетістігімен көзге түсе қойғанжоқ. Алдымен Чехославакияның,кейіннен Чехияның төменгі лигаларында сынға түсті. Ал 2004 жылы клубтың жаңаөмірі басталды деуге негіз бар. Сол жылы «Млада-Болеслав» Чехияның жоғарылигасындағы үздіктер қатарына қосылды. Ал 2005/2006 жылғы кезеңде олар алғашқыжетістігіне қол созды. Чехияның жоғары лигасында екінші орын алды. Содан беріекі мәрте қола жүлдегер атанса, екі мәрте кубокты төбесіне көтерді.
«Млада-Болеслав» 2006/2007 және 2007/2008 жылғы кезеңдердеУЕФА кубогы (қазіргі Еуропа лигасы) ойындарында сынға түсті. Ал соңғы рет бұлтурнирде 2017-2018 жылғыкезеңде бақ сынады. Алдымен Ирландияның «Шемрок Роверс» командасын (2:0, 3:2)айналып өтсе, одан кейін Албанияның «Скендербеу» клубына (2:1, 1:2, пенальтиден2:4) жол берді.
Чехияның соңғы біріншілігінде «Млада-Болеслав» жетінші орыналды. Нәтижесінде бас жүлдені сарапқа салатын алғашқы алтылыққа табан тірейалған жоқ. Дегенмен 7-10 орындар үшін сайыста жеңімпаз атанды. Ол Еуропа лигасыойындарына қатысуға мүмкіндік берді.
Команда құрамында былтырғы құрамнан көптеген өзгеріс бар.Бірқатар футболшылар өзге клубтарға ауысып кетті. Олардың орнын жастар басты.Арасында өзге клубтарға жалға берілген өз түлектері де бар. Атап айтқанда,олардың қатарында Якуб Югас («Славия», Прага), Томаш Гаек («Виктория Пльзень»)және Доминик Гашек («Градец Кралове») бар. Сондай-ақ, өзге клубтарға жалғаберілген Петр Мареш («Теплице»), Доминик Машек («Злин»), Даниэл Новак(«Варнсдорф») команда қатарына қайта қосылды.
2018 жылдың ақпан айынан бастап командаға 48 жастағы Йозеф Вебер бас бапкер қызметінекелді. Дегенмен әзірге оның қол жеткізген табысы ауыз толтырып айтарлықтайемес.
«Млада-Болеслав» командасы Чехияның үздік клубтарыныңқатарында саналмайды. Дегенмен олардың ешбір қарсыласына оңайлықпен берілеқоймайтыны тағы бар. Сондықтан алдағы кездесу «Ордабасы» командасы үшін оңайғасоға қоймайтыны анық.
«Млада-Болеслав» өзімен аттас қаланың намысын қорғайды.Аталмыш қала ел астанасы - Прага қаласынан 50 шақырымдай жерде орналасқан. Онда43 мыңнан астам адам тұрады. Аталмыш клуб қалалық стадионда өз қарсыластарынқабылдайды. Оған 5 мыңнан астам жанкүйер сияды.
«Млада-Болеслав» және «Ордабасы» командалары арасындағыкездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 23.00-де басталады.
Естеріңізге сала кетелік, 24 шілдеде «Астана» UEFA Еуропалигасы екінші іріктеу кезеңінде Андорраның «Санта-Колома» командасымен теңтүсті.