Еуропа лигасы: «Ордабасы» жарыстың келесі сатысына шықты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкенттің «Ордабасы» командасы UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңіне шықты. Бүгін олар сырт алаңда Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасын жеңіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ордабасы»командасы бүгінгі кездесуде негізінен қорғанысқа көбірек көңіл бөлді. Бір аптабұрын Шымкентте өткен ойында олар 1:0 есебімен жеңгенеді. Сондықтан шымкенттік клуб тең нәтижеге қанағат білдіретінін аңғартты.

Алаң иелерішабуылына бірінші кезеңде лайықты тойтарыс бере білді. Есесіне қарымташабуылдарға көңіл бөлді. Десе де бірінші кезеңде екі команда да бір-бірініңқақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Екінші кезеңде деойын барысы дәл осындай жағдайда өрбіп жатты. Ойын тізгіні негізінен алаңиелерінің қолында болды. Кездесу соңына таман «Ордабасы» екі гол соқты. Оны81-минутта Мирзад Механович, 94-минутта Зиги Бадибанга соқты. Осылайша«Ордабасы» қарсыласын 2:0 есебімен жеңді.

Енді оларжарыстың келесі сатысында Чехияның «Млада-Болеслав» командасымен кездеседі.

Естеріңізге салакетелік, кеше UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде елордалық«Астана» Румынияның ЧФР командасына жолберді. Енді «Астана» UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде Андорраның«Санта-Колома» командасымен шеберлік байқасады.

Ал бүгінҚостанайдың «Тобылы» Люксембургтің «Женесс Эш» клубына тең ойнап, қос ойынныңнәтижесімен жарысжолынан шығып қалды.

Сондай-ақ, бүгінАлматының «Қайраты» Боснияның «Широки Бриег» командасынан басымтүсті. Алматылық клуб UEFA Еуропа лигасы бірінші кезеңінен сүрінбей өтті.Енді Израильдің «Хапоэль» (Безр-Шева) және Албанияның «Лачи» жұбыныңжеңімпазымен кездеседі.


Фото: fcordabasy.kz

Соңғы жаңалықтар