Еуропа лигасы: Павлодарлық футболшылар «Широки Бирег» командасынан ұтылып қалды

АЛМАТЫ. 26 шілде. ҚазАқпарат - Кеше Павлодардың «Ертіс» футбол командасы Боснияның Широки Бриег қаласы аяқдопшыларымен арада өткен Еуропа лигасының екінші іріктеу раундындағы екінші матчында 0:2 есебімен ұтылып қалды.

Бұған дейін олар өз алаңында осы команданы 3:2 есебімен ұтып, жанкүйерлерін бір желпінтіп тастаған еді. Ирландиялық төреші қазылық еткен сырт алаңдағы ойында павлодарлықтар қарсыластар қақпасынан еш саңылау таба алмады.