Еуропа лигасы: «Русенборг» - «Ордабасы» 2:2

АЛМАТЫ. 20 шілде. ҚазАқпарат - Кеше Шымкенттің «Ордабасы» футбол командасы Норвегияның Тронхейм қаласында «Русенборг Баллклуб» командасымен Еуропа лигасының 2-дәрежелік раундындағы алғашқы кездесуін өткізді.

 Аса тартысты өткен бұл ойында шымкенттіктер өз елінің 22 дүркін чемпионы атанған тронхеймдіктермен 2:2 есебімен тең түсті. Онда Алмат Бекбаев қорғаған «Ордабасы» қақпасының кілтін 33-минутта алан иелері бірінші боп ашып, Боржек Дочкал өз командасын алға шығарған еді. Бұл ойыншы  45-минутта пенальтиден есепті одан ары ұлғайтты.

Кездесудің екінші жартысында шымкенттіктер есепті теңестірді.  Алдымен 75-минутта  Роман Пахолюк, ал 90 минутта Гуэй Мансур көзге түсіп, таблодағы көрсеткішті өзгертті. Енді бұл раундтың жеңімпазы 26 шілде күні Алматының Орталық стадионында өтетін қарымта ойында белгілі болады.