Бiрiншi таймда гол сала алмаған қос команда үзiлiске 0:0 есебiмен тарасқан. Екiншi таймда қарағандылықтар Топчагичтiң голының (46-шы минут) арқасында алға шықты. Ал 61-ші минутта қақпашымен жекедара шыққан Ұлан Қонысбаев есептi еселетiп, команданың мерейiн үстем еттi. Екiншi тайм барысында алаңға шыққан Мұртазаев матчтың соңғы минутында қарағандылықтар үшiн үшiншi гол салды. Ойындағы қорытынды есеп - 3:0.
Айта кетейiк, Еуропа Лигасының екiншi кезеңiндегi бұл матч командалар арасындағы қарымта кездесу. Алғашқы матч 0:0 есебiмен аяқталған болатын.