Бұл кезеңде бiрден үш қазақстандық команда "Шахтер", "Қайрат" пен "Астана" ойнауы мүмкiн. Бiрақ алдымен оларға қарымта ойындарда тиiсiнше "Атлантас", "Эсбьерг" және "Хапоэль" клубтарын жеңулерi тиiс.
Жеребе бойынша, "Қайрат"- "Эсбьерг" арасындағы матчта ұтқан команданың үшiншi кезеңде "Рух" (Польша) / "Вадуц" (Лихтенштейн) текетiресiнiң жеңiмпазымен жолы түйiседi. "Астана" егер "Хапоэльге" iрi есеппен жеңiлмесе, "Линфилд" (Солтүстiк Ирландия) немесе АИК (Швеция) командасымен кездеседi. "Шахтер" болса, үшiншi кезеңге өтiп жатса, "Дандолк" (Ирландия) / "Хайдук" (Хорватия) кездесуiнiң жеңiмпазымен доп тебедi.
Айта кетейiк, үшiншi раунд матчтары 31 шiлде мен 7 тамызда өтедi. Плей-оффқа 29 жеңiмпаз бен Чемпиондар Лигасында сүрiнген 15 клуб жолдама алады. Тағы 18 команда Еуропа Лигасында автоматты түрде ойнайды.