Ойынның бірінші таймында есеп ашылған жоқ. Ал екінші таймда грекиялық команда ойыншысы Лукастың сол жақтан асыра тепкен добын Мокин тоса алмады. Ал ойын соңында Кициу есепті еселеді.
«Шахтер» (Қазақстан) - ПАОК (Салоники, Грекия) 0:2 (0:0)
Гол: Лукас 54 (0:1). Кициу 90 (0:2)
«Шахтер» соңғы ойынын 12 желтоқсанда сырт алаңда «Маккабимен» өткізеді. Бұл ойынның нәтижесіне қарамастан қарағандылық команда топтан шығу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлады alaman.kz.