АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа лигасының ширек финалына шыққан барлық командалар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
1/4 финалға Англияның «Манчестер Юнайтед», Испанияның «Сельта», Түркияның «Бешикташ», Германияның «Шальке», Нидерландының «Аякс», Францияның «Лион», Бельгияның «Генк» және «Андерлехт» командалары шықты. Бүгін ширек финалдың жеребесі тартылады.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы үш маусымда Еуропа лигасын Испанияның «Севилья» клубы жеңіп алған болатын. Биыл бұл команда Чемпиондар лигасының 1/8 финалына дейін жетті.
2017 жылғы Еуропа лигасының финалы 24 мамыр күні Стокгольмдегі «Friends Arena» стадионында өтеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.