Еуропа лигасы ширек финалындағы алғашқы ойындар өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы ширек финалындағы алғашқы ойындар өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың аталған сатысындағы негізгі ойынның бірі «Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Севилья» (Испания) командалары арасында өтеді.

Аталған кездесу елорда уақытымен 00:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда өз тарихында бір-бірімен тұңғыш мәрте кездесіп отыр.

Турнирдің 1/8 финалында «Манчестер Юнайтед» Испанияның «Реал Бетис» командасын сүріндірсе, «Севилья» Түркияның «Фенербахчесін» қапы қалдырды.

Сондай-ақ, елорда уақытымен 00:50-де «Ювентус» (Италия) - «Спортинг Лиссабон» (Португалия) кездесуі «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Оған қоса жарыстың аталған сатысында «Байер» (Германия) - «Юнион Сен-Жилуаз» (Бельгия), «Фейеноорд» (Нидерланд) пен «Рома» (ИТалия) командалары шеберлік байқасады.

Қарымта кездесі 20 сәуірге белгіленген.