Еуропа лигасындағы алғашқы қарымта кездесуде "Тобыл" Ыстамбұлда "Галатасарайға" 0:2 есебімен есе жіберді

АЛМАТЫ. Шілденің 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - УЕФА  Еуропа лигасының 2009/2010 жылғы екінші іріктеу кезеңіндегі  алғашқы қарымта кездесуін кеше  сырт алаңда өткізген қостанайдың "Тобылы" Ыстамбұлдың "Галатасарай" клубына  0:2 есемен есе  жіберді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         "Али Сами Йен" стадионында өткен бұл ойынға испандық төрешілер Антонио Рубинос Перес, Хуан Юсте Хименес және  Маркос Альварес Морена қазылық етті. Онда Франк Райкард жаттықтыратын түріктер екі допты да кездесудің  екінші таймында енгізді. Александр Петухов қорғаған қостанайлықтардың қақпасын   алдымен 63-ші минутта Мұстафа Сарп дәл көздеген еді. Ойынның соңғы  90-шы минутында нәтижені Сервет Четинодан  еселеуге қол жеткізді. УЕФА лигасына екінші кезеңнен араласқан   Дмитрий Огайдың шәкірттері шілденің 16-сы күні өз алаңыда  1:1 есебімен тең түскен болатын.  Онда ойынға чех төрешілері  Либор Коваржик, Кристоф Менцл және  Томаш Коваржик төрелік етті. Бұл кездесуде Нұрбол Жұмасқалиев бірінші таймның 2-ші минутында есеп ашып,  оны қонақтар сапынан  Милан Барош   екінші таймда (58 минутта) ғана  теңестіре алған еді. "Галатасарай" футбол клубы  Түркия чемпионы атағын 17, ал ел Кубогын 14 мәрте иеленген атақты команда. Сондай-ақ ол   2000 жылғы УЕФА Кубогы мен УЕФА Суперкубогының иегері.