Еуропа Лигасындағы «Астананың» қарсыласы 5 тамызда анықталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астананың» Еуропа Лигасындағы қарсыласы 5 тамызда белгілі болады, деп хабарлайды Sports.kz.

Еуропа Лигасының үшінші біліктілік раундында «Астана» «Селтикке» (1:2) жол берді және турнирдегі ойынын аяқтады. Алайда, астаналық команда еурокубоктың плей-офф кезеңінде сынға түсе алады.

Турнирдің бұл кезеңі бойынша қазақстандықтардың қарсыласы жұма күні, 5 тамызда астана уақытымен 19:00-де басталатын жеребе кезінде анықталады.

Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінің матчтары 18-25 тамыз аралығына жоспарланған. Оның жеңімпазы атанған команда Еуропа Лигасының топтық кезеңіне қатыса алады.