Еуропа лигасындағы қазақстандық клубтардың қарымта матчтарының уақыты белгіленді
10:53, 28 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 шілдеде Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі қазақстандық командалардың қарымта матчтары өтеді, - деп жазды Sports.kz.
Шымкент қаласында 18:00-де «Ордабасы» мен сербиялық «Чукарички» арасындағы кездесу басталады. 20:45-те алаңға алматылық «Қайрат» пен албандық «Теута» шығады. Ал 22:00-де «МТК Будапешт» «Ақтөбе» футбол командасымен кездесетін болады.