Ойынның бірінші жартысында аяқдопшылар өз қарсыластарының қақпасынан саңылау таба алмады. Тек үзілістен кейін Гия Гегучадзе жаттықтыратын алаң иелері сапынан Николоз Сабанадзе (62 минут) жергілікті жанкүйерлерді бір желпінткен еді. Кездесудің аяқ шенінде (82 минут) Марат Бикмаев есепті теңестіріп, жеңілістен құтқарып қана қоймай, өз командасының қоржынына алғашқы ұпайды салды. Қарымта кездесу 12 шілдеде Ақтөбеде өтеді.
Бас бапкер В. Мұқанов бұл дүбірлі дода қарсаңында: «Біз Еуропада бұрынғыдан да биік белестерді бағындырғымыз келеді. Сондай-ақ, Қазақстан қоржынына рейтингтік ұпайларды да қосу керек. Барынша көсілуге тырысамыз», - деген еді. Келесі кезеңнің тағдыры енді алдағы бейсенбідегі ойында шешілетін болады.