Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» «МТК Будапешт» командасымен ойнайды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақтөбенің» УЕФА Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлады Sports.kz.

Ньонде жеребе қорытындысы бойынша жерлестеріміздің қарсыласы венгриялық «МТК Будапешт» болмақ.

Бірінші матч 30 маусымда Ақтөбеде, екінші кездесу 7 шілдеде Будапештте өтеді.

Википедия анықтамасы:

МТК (венг. Magyar Testgyakorlók Köre) - Будапешт қаласындағы венгриялық футбол клубы. 1888 жылы құрылған.

23 рет Венгрия чемпионы болған.

Өз алаңындағы кездесулерін 12 700 көрерменге шақталған «Хидегкути Нандор» стадионында өткізеді.