Еуропа лигасының қарымта ойындары өткізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы ширек финалындағы қарымта ойындар өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашық көздерден алынған фото

Жарыстың аталған сатысындағы негізгі ойынның бірі «Севилья» (Испания) - «Манчестер Юнайтед» (Англия) командалары арасында өтеді.

Аталған кездесу елорда уақытымен 00:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда өз тарихында бір-бірімен екінші мәрте кездесіп отыр.

Алғашқы ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.

Сондай-ақ, елорда уақытымен 00:50-де «Спортинг Лиссабон» (Португалия) - «Ювентус» (Италия) кездесуі «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Оған қоса жарыстың аталған сатысында «Юнион Сен-Жилуаз» (Бельгия) - «Байер» (Германия), «Рома» (Италия) - «Фейеноорд» (Нидерланд) командалары шеберлік байқасады.