28 сәуір күні украиналық «Шахтер» өз алаңында «Севильяны» (Испания), ал тағы бір испандық клуб «Вильярреал» Англияның «Ливерпуль» командасын қабылдайды. Қарымта кездесулер 5 мамыр күні өтеді.
Еуропа лигасының финалдық матчы 18 мамырда Швейцарияның Базель қаласындағы «Санкт-Якоб Парк» стадионында өтеді. Соңғы екі маусымда «Севилья» турнир жеңімпазы атанып келді.