Еуропа мен АҚШ шеруді таратқаны үшін Грузия билігін мақтады

АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Грузиядағы АҚШ және Еуроодақ елшілері Ш.Руставели атындағы орталық алаңдағы оппозиция ұйымдастырған шерушілерді биліктің қуып таратуын тұтастай алғанда оң бағалады, жазады Росбалт.

Грузиядағы АҚШ тілшісі Джон Бас, Парламент ғимараты алдындағы кешегі оқиғаға түсініктеме бере келіп, "қоғам алдында тұрған түйткілді мәселелерді шешуде зорлық-зомбылықпен жауап беруге болмайды", деп атап көрсетті

Ол Грузия үкіметінің іс-әрекетіне оң баға бере келіп, "акцияға қатысушы Халық жиналысы өкілдеріне шеруге шығу үшін басқа жер ұсынуы тың қадам болды", деп өз ойын білдірді.