Еуропа мен Азияның ықпалдасуын реттейтін құжат қажет - Елбасы

None
АСТАНА. Шілденің 1-і, ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Еуразия континенті болашақта тұрақты түрде интеграцияланып отыру тиіс», деді бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада өтіп жатқан III Астана экономикалық форумында.

«Еуропа мен Азияның ықпалдастығы ежелден жалғасып келе жатыр. Кейінірек бұл жалғастық үзіліп қалды. Бірақ жаңа онжылдықта Еуропа мен Азия арасындағы тауар айналымы қайта жандана түсті. Бүгінде Еуразия континенті әлем тұтынып отырған тауарлардың жартысынан көбін өндіріп отыр. Бұл аймақта қазір әлем халқының үштен екі бөлігі тұрып жатыр.

Ал алдағы уақытта аталмыш континенттің маңызы тек артып отыратын болады. Алайда бұл аймақтағы интеграциялық үдерістер бір бірімен бәсекелесіп отырған блоктар негізінде жүзеге асуда. Бұл өз кезегінде Еуропа мен Азияның әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Мен Еуропа мен Азияның өте терең әрі тұрақты түрде ықпалдасып отыруын қалаймын. Меніңше аталмыш мақсаттың барынша қарқынды жүзеге асуы үшін, осы үдерістің жүрісін реттеп отыратын құжат дайындау қажет», деді Елбасы.