- Кейде Еуропа Одағы өз-өзін жақсы көретіндей әсер болады. Еуропа Одағындағы әріптестеріме тек Ұйым аяғындағы жұмыспен шектелмей, әлемге кеңінен қарап, өзге де мемлекеттердің жетістіктерін зерделеу керек екенін үнемі айтып келемін. Біз дүние жүзіндегі серіктестерімізбен белсенді ықпалдастық орнатып, ынтымақтастықты нығайта беруіміз қажет, – деді Роберт Фицо.
Сонымен қатар ол 1944-1945 жылдары Словакияны азат етуге өлшеусіз үлес қосқан Қазақстанға шынайы ризашылығын білдірді.
- Кеңес әскері сапында Қазақстанның миллионға жуық сарбазы қан майданда шайқасты. Олардың ішінде 60 мыңға тарта жауынгер Словакияны жаудан қорғау үшін жанын пида етті. Сол сұрапыл уақытта Словакияға жасаған жақсылықтарыңызды ешқашан ұмытпаймыз, - деді Словакия Премьер-министрі.
Айта кетейік, Қазақстан мен Словакия жаһандық текетірестер мен сауда соғысы бейбіт жолмен шешілуі керек деп санайды.