Еуропа орталық банкі жаңа €100 и €200 банкноттарын шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа орталық банкі (ЕОБ) €100 и €200 көлеміндегі жаңа банкноттарды шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл қағаз ақша бұрынғыларына қарағанда қорғаныш жүйесі  едәуір жақсартылған, дизайны мен көлемі өзгеше. Сондай-ақ ұзақ мерзімге қолданылатын болады.

Аталмыш ақша белгілері 2019 жылы 28 мамырда айналымға түседі, деп мәлім етті ЕОБ сайты.

€100  және  €200  банкноттарының беріктігін жоғарылату үшін €50 номиналы тәрізді етіп жасалған әрі көлемі де тап сондай. Бұл өзгерістер енді ақша  белгілері бірдей болғандықтан банкоматтардың жұмысын да жеңілдетпек.

Купюраны жарыққа тосып қарағанда ерекше белгі - ежелгі грек мифологиясындағы  батыр әйелдің портреті анық көрінеді.

Купюраның түсі сақталған - €100  банкноты жасылдау, ал €200  сарғылт - қоңырлау.