Бұл қағаз ақша бұрынғыларына қарағанда қорғаныш жүйесі едәуір жақсартылған, дизайны мен көлемі өзгеше. Сондай-ақ ұзақ мерзімге қолданылатын болады.
Аталмыш ақша белгілері 2019 жылы айналымға түседі, деп мәлім етті ЕОБ сайты.
€100 және €200 банкноттарының беріктігін жоғарылату үшін €50 номиналы тәрізді етіп жасалған әрі көлемі де тап сондай. Бұл өзгерістер енді ақша белгілері бірдей болғандықтан банкоматтардың жұмысын да жеңілдетпек.
Купюраны жарыққа тосып қарағанда ерекше белгі - ежелгі грек мифологиясындағы батыр әйелдің портреті анық көрінеді.
Купюраның түсі сақталған - €100 банкноты жасылдау, ал €200 сарғылт - қоңырлау.