— Мен осы Парламентте 32 жыл жұмыс істеп келемін және комитеттердегі мүшелер саны азайғанын байқап жүрмін, — деді Алессандро Кьоккетти.
Оның айтуынша, тек депутаттар саны азаюмен қатар, жұмыс әдістерін беру мәселесінде сабақтастық әлсіреп барады.
— Біз Парламент мүшелері арасында жұмыс әдістері мен кәсіби әдеттерді берудегі алшақтықты көріп отырмыз. Бізде ұрпақтар арасындағы алшақтық бар, — деп атап өтті Бас хатшы.
Кьоккетти бұл өзгерісті қашықтан жұмыс істеу тәжірибесін қалыптастырған COVID-19 пандемиясымен және депутаттардың жиі ауысуымен байланыстырды. 2019 және 2024 жылдардағы сайлауда Еуропа парламентіне алғаш рет сайланған көптеген депутаттар болды. Бұл, оның айтуынша, дәстүрлі жұмыс моделін өзгертті.
Еуропарламентте ширек ғасырға жуық уақыт қызмет еткен, социал-демократ Бернд Ланге де осы пікірмен келіседі. Оның айтуынша, бұрын комитет отырыстарына мүшелердің шамамен 30 пайызы қатысса, қазір бұл көрсеткіш төмен.
Пандемия кезінде пікірталастарға қатысуға деген көзқарас өзгерді, сондай-ақ өзің сөз сөйлемейтін пікірталастарға қатысу қажеттілігін түсіну де өзгерді, — деді Ланге.
Ол қатысушылардың аз болуының себептері ретінде қысқа, сөз сөйлеуге қысқа регламент бөлінетінін және әлеуметтік желілерді келтірді.
— Жалпы алғанда, мәдениет өзгерді, — деп сөзін түйіндеді Еуропарламент мүшесі.
Парламентте екі мерзім қызмет еткен нидерландтық Гербен-Ян Гербранди де бұрынғы депутаттар мен қазіргі буын арасындағы айырмашылық арасы «жер мен көктей» екенін атап өтіп, бұл институттың өзіне зиян келтіретінін мәлімдеді. Ол климат өзгеруіне арналған халықаралық сарапшылардың отырысына санаулы ғана депутаттың келгенін мысал келтірді.
Ал 2024 жылы алғаш сайланған аустриялық Еуропарламент депутаты Анна Штюрк («Еуропаны жаңарту», NEOS) басқа пікірде. Оның айтуынша, жаңа буын Еуропарламенттің құрылымын әлі үйреніп жатыр, оның үстіне жұмыс тек Брюссель мен Страсбургте уақыт өткізумен шектелмейді.
— Комитетте көп отырмайтыным менің өз жұмысымды атқарып жатқанымды білдіреді, — деді Штюрк сайлаушылармен кездесулерін меңзеп.
2025 жылдың қаңтарында ассамблея президенті Роберта Метсола фракция басшыларымен пленарлық пікірталастардың бір бөлігін өзгертуге арналған пилоттық формат туралы келісті.
Оған сәйкес, сөз сөйлеу кестесі алдын ала жарияланбайды, сондықтан Еуропарламент депутаттары өзі сөз сөйлейтін кезде ғана келмей, отырыстың басынан ағына дейін залда болады. Кьоккетти бұған дейін әкімшілік «жылқыны суға апара алады, бірақ оны су ішуге мәжбүрлей алмайды» деп айтқан болатын.
Еуропа парламенті — ЕО-ның заң шығарушы органдарының бірі. Заң жобаларына енгізілетін түзетулер негізінен Брюссельдегі комитеттерде шешіледі, ал пленарлық отырыстар негізінен Францияның Страсбург қаласында өтеді. Еуропарламент депутаттарының күнделікті төлемақысы отырысқа тікелей қатысумен байланысты.
Еске сала кетейік, Еуропарламентте Израиль туын еденге тастаған депутатқа шара қолданылмақ.