Еуропа соты Мажарстанға 200 млн еуро айыппұл салды
22:23, 13 Маусым 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Еуропа соты Мажарстанды Еуроодақтың баспана беру ережесін сақтамағаны үшін 200 млн еуро және кешіктірілген әрбір күнге тағы 1 млн еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Euronews.
2020 жылдың желтоқсанында сот Будапешт блоктың халықаралық қорғауды қамтамасыз ету және заңсыз мигранттарды қайтару жөніндегі саясатын орындамады деп шешті.
«Сот Мажарстан 2020 жылғы шешімді орындау үшін қажетті шараларды қолданбаған деп шешті. Еуропа Одағының ортақ саясатын қолданудан әдейі жалтаруды білдіретін бұл кемшілік — еуропалық құқықты бұрын-соңды болмаған өте ауыр бұзу», — делінген хабарламада.