Еуропа студенттері елордада жазғы мектепте білім алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия, Чехия, Австрия, Польша, Қырғызстан және Қазақстан студенттері Қазақ мемлекеттік заң университеті жанындағы Конституциялық құқық 10 күндік жазғы мектебінен білім алуын бастады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлем жаһандану дәуірін бастан кешіріп жатыр. Ендігі уақытта біз бір елдің, бір ұлттың аясында өмір сүре алмаймыз. Жаһандану әлемінде өмір сүреміз. Ортақ сын-тегеуіріндермен, проблемалармен, міндеттермен бетпе-бет келеміз. Меніңше, түрлі елдердегі конституциялық заңды дамытуға қатысты қолданатын әдістер ортақ. Өйткені, бірдей проблемаларға жолығып жатамыз. Ал бұл проблемалар диалог арқылы және ортақ іс-қимыл қабылдау жолымен шешілуі тиіс. Қалай десек те, бұл әскери іс-қимылдан жақсы»,  - деді мектепдің ашылуында Қазақ мемлекеттік заң университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Мирас Дәуленов.


 

ҚазМЗУ Жоғары құқық мектебінің директоры Сергей Пеннің айтуынша, жазғы мектепке 20 шетелдік және 12 жергілікті студент қатысады.

«Олар 1 апта бойы Германия, Австрия, Чехия, Польша, Венгрия елдерінен келген жетекші профессорлардан шеберлік сабағы мен дәріс түрінде дайындықтан өтеді. Одан кейін олар жұмыс топтарына бөлініп, конституциялық модель түріндегі өз міндеттерін орындайтын болады. Олар мемлекеттің конституциялық құрылымының өзіндік модельін құруға тырысып, билік тармақтарын айқындайды», -  деді ол.
 

Сонымен қатар, оның айтуынша, шетелдік студенттер мен профессорлар қазақ мәдениетімен, тарихымен танысуға мүмкіндік алады.

«Олар Бурабайға барып демалады. Елордада музейлерге де баратын болады. Тіпті олар қазақ тарихы, яғни, Қазақ хандығы туралы дәріс те тыңдайды. Бұл барлық қатысушылар үшін тегін. Олардың ұшып келуі мен жатын орындары тегін. Барлық шығынды Академиялық алмасудың германдық қызметі мен біздің университетіміз көтереді», - деді Сергей Пен.