Қол қою рәсіміне Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина және Өзбекстан несие реестрлері мен бюроларының өкілдері қатысты.
Шара қатысушыларының пікірінше, қауымдастықтың құрылуы өңірдегі қаржы қызметтерін қолжетімді ете түседі, сондай-ақ қаржы нарығын дамытуға кең жол ашады.
19:38, 17 Сәуір 2018
Еуропа және Орталық Азия несие мәліметтері провайдерлері қауымдастығы құрылды
БАКУ. ҚазАқпарат - Бакуде Еуропа және Орталық Азия несие мәліметтері провайдерлерінің қауымдастығын құру туралы құрылтай құжаттарына қол қойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.