Еуропа жұрты «Құлдықта өткен 12 жыл» фильміне құрметін аяр емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық киноакадемия «Оскар» жүлдесіне ие болған «Құлдықта өткен 12 жыл» фильмінің режиссері Стив Маккуинді әлемдік кинематография саласындағы жетістігі үшін арнайы марапаттамақ, деп хабарлады Variety.

Салтанатты шара 13 желтоқсанда Ригада өтеді. «Құлдықта өткен 12 жыл» фильмі қара нәсілді азат адамды еріксіз жұмысқа жеккен оқиға туралы. Ол 48 елдің кинотеатрында көрсетіліп, 200-ден астам марапатқа ие болды. Соның ішінде «Оскар» мен BAFTA жүлдесі де бар.