Еуропада 2026 жылғы алғашқы аптап ыстық басталады

АСТАНА. KAZINFORM — Испанияның кейбір аймақтарында 23 және 24 мамырда ауа температурасы 38°C дейін көтерілмек. Франция мен Англияның оңтүстігінде 33°C, Германияда 31°C дейін жылынады, деп хабарлайды DW .

سۋرەت: istockphoto.com

Климаттық модельдерге сәйкес, қазіргі уақытта Еуропада мамыр және маусым айларындағы ыстық толқындардың пайда болу ықтималдығы индустрияға дейінгі дәуірмен салыстырғанда 10 есе артқан.

— Германия бұл жағынан айқын мысал болып тұр. 1980-жылдары Елуінші күн мерекесі кезінде (католиктер биыл оны 24 мамырда атап өтеді) ауа температурасы 30°C болуы сирек кездесетін, ал қазір бұл жағдай елде тұрақты түрде байқалады, — дейді метеорологиялық онлайн-сервис WFY24 негізін қалаушы Иоанна Верджини.

Ол Еуропа елдерінің инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау жүйелері әлі де «ескі күнтізбеге бейімделген» және биылғы көктемде мұндай жоғары температураға дайын емес екенін ескертеді.

Төменгі Саксонияның қоршаған ортаны қорғау министрі Кристиан Майер жұртшылықты климаттың өзгеруіне байланысты жиі болатын құрғақшылықтан туындаған жерасты суларының тапшылығына байланысты суды үнемдеуге шақырды.

Еске сала кетейік, 2026 жылдың маусымына қарай Тынық мұхитының орталық және шығыс бөлігінде Эль-Ниньо құбылысы қалыптасуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, бұл әлем бойынша температураның күрт көтерілуіне себеп болуы ықтимал.