деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Германияда соңғы тәулікте A(H1N1) вирусын жұқтырғандардың саны бірден 600 адамға өсті. Роберт Кох институтының ақпараты бойынша бүгінгі күні ГФР-да тұмаудың қауіпті түріне шалдыққан 2 мың 500 жағдай тіркелді. Жаңа вирус негізінен демалыстарын Испанияда өткізген елдердің тұрғындарынан табылған, деп хабарлайды Deutsche Welle.
Қауіпті вирусты жұқтырғандардың саны ең көп ел бұрынғыша Ұлыбритания болып отыр. Шілденің 24-інде Еуроодақтың эпидемиологиялық қызметі онда 11 мың 100-ден астам жағдайды тіркеді, 30 адам ауру салдарынан көз жұмды.
Бүгінгі күні әлемде барлығы A(H1N1) вирусын жұқтырған 132 мың оқиға тіркелген.