Ол шамамен 150 млн адам өте жоғары температурадан зардап шегіп жатқанын, оған Еуропадағы үйлер, кеңселер мен мектептер «мұндай ауа райына арналмағаны» себеп екенін атап өтті.
Еуропада қалыптан тыс ыстық күн райы екінші апта бойы жалғасып келеді, климаттық аномалияның эпицентрі қазір шығысқа қарай — Испания, Франция және Ұлыбританиядан Германия мен Чехияға жылжып отыр.
Еске салсақ, Францияда аптап ыстық салдарынан өлім-жітім мың жағдайға артты.
Германияда бұрын-соңды болмаған аптап ыстық тіркелді.
Елде аптап ыстық салдарынан ормандар өртеніп жатыр.