Еуропада E.coli инфекциясынан құрбан болғандардың саны 47 адамға жетті

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Соңғы мәліметтер бойынша, Еуропада E.coli инфекциясынан құрбан болғандардың саны 47 адамға жетті.

Бұл туралы РБК агенттігінен хабарлады.

Германдық Роберт Кох атындағы институтынан хабарлағандай, Германияның өзінде бұл инфекция 46 адамның өмірін қиған, тағы бір оқиға Швецияда тіркелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша, Германияда мамыр айының басында инфекция ошағы тіркелгелі бері 3,8 мыңнан астам адам зардап шеккен. Ал дүниежүзі бойынша әлемнің 15 елінде E.coli инфекциясының қауіпті түрін жұқтырудың 119 оқиғасы тіркелген.