Еуропада ерекше ыстық қалыптасты

АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Батыс Еуропаның көптеген елдерінде ерекше ыстық қалыптасты. Табиғат аномалиясының себебі - антициклон. Бұл туралы шетелдік БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап Утро.ру хабарлады.

Күндіз Испания мен Францияда температура 27 / 29 °С, Францияның оңтүстігі мен Португалияда 30°С. Ұлыбританияда 25 / 27 °С. Антициклонның әсері қазан айының соңына дейін сақталады.