Аталмыш құжат жеуге келетін жәндіктерді өсіріп, сатуға рұқсат береді. Бұл әзірге тағам ретінде қолданылатын 2 мың жәндіктің бірнеше түріне ғана қатысты болып отыр. Жәндіктер протеинге бай, нәрлі әрі құнарлы болып саналады. Сондықтан БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы жәндіктерден жасалған өнімдерді асқа пайдалануға шақырды. Бүгінде Бельгия мен Нидерландының дүкен сөрелерінен мұндай тауарларды жиі кездестіруге болады. Ал Италия халқы жерортатеңіздік диетаны ұстанатындықтан, жаңа өнімдерге тәбетсіз.
«1 қаңтардан бастап азық-түлік өнімдерінің қатарына жеуге жарамды жәндіктер де кіруі мүмкін. Содан соң нарыққа шығарып, жаңа өнімді бақылайды. Қазірден бастап құзыретті органдарға тұтынушылардың қауіпсіздігіне кепілдік береді»,-дейді «Coldiretti» шаруалардың Ұлттық конфедерация бөлімінің басшысы Роландо Манфредини.