Еуропада Қазақстандағы шытырман оқиғалы туризм туралы фильм көрсетіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның шытырман оқиғалы туризмінің (adventure tourism) мүмкіндіктері туралы роликтің түсірілімі және осыған байланысты мототур аяқталды. Бұл туралы «Kazakh Tourism» компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЖобағаExponential Kazakhstan компаниясы мұрындық болып отыр. Компания Kazakh Tourismжәне ҚР Ұлттық музейінің қолдауымен осы жобаға эндуродан (мотокросс) әлемчемпионы, испаниялық Джозеп Гарсияны тартты.

«Кешетүсірілім тобының Қазақстанға жасаған 20 күндік саяхаты аяқталды. Алтынемел,Шарын, Көлсай көлдері, Іле Алатауы сияқты табиғат парктерін, Ақмола және Алматыоблыстарының, Алматы қаласының көрікті жерлерін, Нұр-Сұлтандағы Ұлттық музейді,Бәйтерек, болашақтың «Нұр Әлем» музейін, Ханшатырды түсірдік. Сарыарқа өңіріндеэстафетаны танымал мототриалшы, 2018 жылғы әлем чемпионы Джерони Фахардо@JeroniFajardo қабылдап алды. Алматы облысы мен Алматыдағы түсірілімдімотокросстан биылғы әлем чемпионы @josepgarcia26 жүргізді», - делінгенкомпанияның Facebok-тегі парақшасында.

Еуропаданкелген қонақтар Бурабайға барып, сұлу Көкше өлкесінде табиғат аясында тамашакадрлар түсірді.

Елордағаоралған соң Ұлттық музейдің 5 жылдығына орай Джерони Фахардо мотоцикл мінуденшеберлік сабағын өткізді. Одан әрі бір топ мотобайкерлермен қала қыдырып кетті.Танымал мототриалшы Ханшатырдың алдында сауда орталығына келгендерді өнеріментәнті етті. Күн соңында түсірілім тобы «Нұр-Әлем» павильонына барып, соныңалдында мотоциклмен асыр салды.

Жоба басшысыФлориан Бехрендтің айтуынша, фильм биыл қысқа қарай Еуропаның басты спорттелеарналарында көрсетіледі.

Осы жобаҚазақстанның туристік әлеуетін Еуропа елдеріне таныту мақсатын көздейді.

Айтакетейік, жобаны мемлекет қаражатынсыз Германия компаниясы іске асырып отыр.

Соңғы жаңалықтар