Еуропада күшті аяздың салдарынан 480 адам көз жұмды

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Әртүрлі өңірлерден келген ақпарат бойынша, Еуропада «сібір аяздары» салдарынан 480 адам қаза тапты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Атап айтқанда, әбігерге салған ауа райының қолайсыздығынан Украинада 136 адам, Польшада 74 адам, Балтық мемлекеттерінде 34 адам және Балқан аралының оңтүстігінде 23 адам көз жұмған.