деп хабарладыEuronews телеарнасы.
Төтенше жағдай Украинада орын алды. Онда аяздың салдарынан шамамен 30 адам көз жұмды. Олардың көбісі панасыз қалған адамдар болатын. Демалыс күндері ауа температурасы 27 градусқа төмендеген Польша мемлекетінде 10 адам үсіп өлді, деп хабарлайды РБК.
Сондай-ақ Болгарияда толассыз жауған қардың, боран мен күшті аяздың салдарынан 5 адам қаза тапты. Румынияда суықтан 4 адам көз жұмды. Қар мөлшерінің көп түсуінен кейбір елді мекендерде электр қуаты істен шықты. Жолдарды тазарту үшін біршама техника жұмылдырылып отыр.
Сонымен қатар осындай төтенше жағдай басқа да Еуропаның елдерінде, әсіресе Балқан өңірінде орын алды. Бұл мемлекеттерде ауа температурасы 20-25 градус суықтықты көрсетіп отыр. Синоптиктердің мәліметіне қарағанда, аяз кем дегенде бір аптаға жалғасады.