Еуропада табиғи газ бағасы соңғы үш айдағы ең төменгі деңгейге түсті

БАКУ. ҚазАқпарат - Еуропадағы табиғи газдың бағасы сұйытылған табиғи газ (СТГ) импортының өсуі мен күзгі ауа райына байланысты үш айдағы ең төменгі деңгейге түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Oilprice.com сайтына сілтеме жасап.

Еуропаға импортталатын сұйытылған табиға газ мөлшерінің ауқымы мен алдағы екі аптадағы жұмсақ ауа райы - газ бағасының төмендеуінің негізгі себептері.

Алдыңғы айлармен салыстырғанда Францияда атом энергиясының жоғары көлемде өндірілуі бүкіл континенттің электр энергиясымен қамтылуына ықпал етеді және электр энергиясын өндіру үшін газға деген сұранысты шектейді.

«Еуроодақтың газ қоры қазір 90%-дан асады», - деді Еуропа комиссиясы осы демалыс күндері.

«Біз газ тұтынуды шамамен 10% қысқарттық, бірақ жағдайды әлі де жақсартуға болады», - делінген комиссия хабарламасында.


Фото: oilprice.com