Еуропада ұзындығы 6,8 мың шақырымдық веложол салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венадағы ЕО отырысында еуропарламент мүшесі Майкл Крэймер аса ірі велосипед жолының құрылысы бойынша жоспармен таныстырды, деп хабарлады австриялық БАҚ.

Жолдың ұзындығы 6,8 мың шақырымды құрайды. Оның бағдары РФ мен Норвегия шекарасындағы Баренцев теңізінен басталады. Ары қарай ресей-финляндия шекарасы, Прибалтика елдері, Польша, ГФР және ГДР-дің бұрынғы шекарасын бойлай өтеді. Осыдан кейін жол Чехия, Австрия, Словения, Венгрия, Сербия, Румыния, Болгария арқылы өтіп, Қара теңіз жағалауында аяқталады.