Еуропада Жаңа жыл қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
АСТАНА. KAZINFORM – Жақында Аустралияда еврей қауымына жасалған шабуылдан кейін Еуропа аймағында көптеген ел Рождество мен Жаңа жыл мерекелері қарсаңында қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр.
ӨзА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Франция билігі азаматтарға төнетін қауіп-қатерді азайту мақсатында жаппай іс-шараларға қатысуға шектеу қоюды жоспарлап отыр. Лондонда да қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Германиядағы Еуропаның ең көне Рождество жәрмеңкесі орналасқан Дрезден қаласында полиция жоғары дайындық режиміне көшкен. Сондай-ақ Страсбург, Вена және Зальцбург қалаларындағы жәрмеңкелер тәулік бойы жеке күзет қызметі мен бейнебақылау камералары арқылы қорғалады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, АҚШ-тың арнайы қызметі Лос-Анджелесте жаңа жыл түні жоспарланған терактілердің алдын алды.