Еуропадағы аптап ыстық 2300-ге жуық адамның өмірін қиюы мүмкін еді - зерттеу

Фото: pixabay

АСТАНА. KAZINFORM - Кингс колледжі мен Лондон медицина мектебіндегі британдық ғалымдардың блиц-сараптамасына сәйкес, Еуропада өткен аптада басыла бастаған төтенше ыстық толқын шамамен 2300 адамның мезгілсіз өліміне себеп болуы мүмкін еді. Бұл туралы BBC хабар таратты.

Reuters және AFP хабарлаған зерттеуде климаттың өзгеруі 10 күндік аптап ыстық толқыны кезінде температураның төрт градус Цельсийге көтерілуіне себеп болған 12 қаланың (соның ішінде Барселона, Мадрид, Лондон және Милан) деректеріне талдау жасалды. Кейбір Батыс Еуропа елдерінде ауа температурасы 40 градустан асқан.

2300 мезгілсіз өлімнің 1500-ге жуығы климаттың өзгеруімен байланысты. Зерттеушілер ыстыққа байланысты болған өлім-жітімдердің көпшілігі ресми түрде тіркелмейтінін атап өтті.

2025 жылы Батыс Еуропа рекордтық ең ыстық маусымды бастан өткерді, деп бұдан бұрын еуропалық ауа райы қызметі хабарлады.

Бұған дейін әлемнің көптеген қалаларында «жылу маусымы» ұзарып бара жатқаны айтылған. «Баршаға арналған климатқа төзімділік» ұйымының сарапшылары жаңа зерттеуінде осындай қорытындыға келді.

Сейсенбі күні Нью-Мексико штатында нөсер жаңбыр жауып, соңы су тасқынына ұласқаны туралы жаздық.