Еуропадағы ең қымбат азық-түлік өнімдері қай елде шығарылады

Фото: None
ОСЛО. ҚазАқпарат – Еуропа одағының «Евростат» статистика қызметі былтыр Кәрі құрлықтағы азық-түлік және сусындардың бағасы қалай өзгергендігі туралы статистикалық деректерді жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Еуропадағы азық-түлік бағасы ең қымбат ел Норвегия екеніанықталды. Викингтер елінде азық-түлік өнімдері Еуропа одағындағы орташакөрсеткіштен 63% қымбат. Соның ішінде, сүт өнімдері, жұмыртқа, көкөніс жәнежарма Норвегияның өз статистикасы бойынша да айтарлықтай қымбат болып шықты.

Қымбатшылық рейтингінде Норвегиядан кейінгі орында Швейцариятұр. Мұндағы баға Еуропадағы орташа көрсеткіштен 60% жоғары.

Еуропадағы еңарзан азық-түлікті Солтүстік Македониядан алуға болады. Мұндағы бағаларорташа мәннің 62%-ына тең болды.

Айта кетейік, осы талдау аясында Еуропа одағына мүше кіретін28 елден бөлек, еркін сауда аймағына кіретін және Одаққа кіруге үміткер елдерде қамтылған. Мысалы, Норвегия мен Швейцария еркін сауда аймағында болса,Солтүстік Македония – кандидат ел.

Авторы:Ілияс Омаров

Соңғы жаңалықтар