Еуропадағы ең үлкен скейт саябағы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу мэрі Сергей Собянин Останкино саябағында Еуропадағы ең үлкен скейт саябағын ашты.

Оның аумағына бірнеше шақырым сүрлеу жолдар салынды, гүлзарлар егілді, тоғандар тазаланды. Саябақта ондаған спорт алаңдары, балалардың ойын аймақтары, футбол алаңы, хоккей корты пайда болды. Мұнда велосипед жолдары да қарастырылған.

«Іске қосылған саябақ Мәскеудегі ең көрікті бақтардың біріне айналды», - деп атап өтті Собянин. Бұдан басқа, қалада әлемдегі ең үлкен әрі көркем қысқы мұз айдыны салынбақ. Бұл жобаны спорттық жобаларды қаржыландыруда тәжірибесі мол инвестор қолға алмақ, деп хабарлайды Интерфакс.