Жергілікті консерваторлардың пікірінше, енді аз уақыт көлемінде шығыстан келген мигранттар еңбек нарығын түгелдей жаулап алады. Бұған жергілікті тұрғындардың жұмысқа, мансапқа құлшынысы болмай, керісінше барлық уақыттарын сауық-сайранға жұмсайтындығы себеп болып отыр. Ал саясаткерлердің осыған қатысты ескертуі Британияда жаппай наразылық тудыруда.