АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі сауда-саттық барысында Еуропада 1 мың текше метр газ бағасы маусым айының ортасынан бері алғаш рет 1 200 доллардан төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС жаңалықтарына сілтеме жасап.
Нидерландыдағы TTF хабындағы қараша фьючерстерінің құны 1 мың текше метр үшін 1,177 $ немесе МВт/сағ үшін 115,9 еуроға дейін төмендеді.
Бүгін газ бағасының арзандауы шамамен 10% құрады.
Бағаның төмендеуі ЕО-дағы газ қорының максимумға жақындауына, салыстырмалы түрде аймақта жылы ауа райының белгіленуіне және электр энергиясын өндірудегі жел генерациясының орташа үлесінің едәуір артуына байланысты.
Фото: infosmi.net
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.