Еуропадағы НАТО күштерінің жаңа бас қолбасшысы тағайындалды

БРЮССЕЛЬ. 29 наурыз. ҚазАқпарат - НАТО-ның Солтүстікатлантикалық кеңесі - Ұйымның жоғары саяси органы Альянсқа мүше 28 мемлекеттің тұрақты өкілдері деңгейінде американдық генерал Филип Бридлавтың Еуропадағы НАТО Біріккен қарулы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалуын мақұлдады.

Бұл туралы НАТО баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта генерал Ф.Бридслав АҚШ-тың Еуропа мен Африкадағы Әскери әуе күштерінің қолбасшысы қызметін атқаруда. Ол өзінің 35 жылдық әскери мансабында Еуропада, оның ішінде «Рамштайн» авиабазасында қызметте болды.